Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясы

Ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттер және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды

Өнімді жылқы шаруашылығы саласын дамытуға арналған «ТҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

09-10 қазан 2025 жыл

Өткізу орны: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М. Әуезов көшесі, 147-үй, «Өнер» мәдениет сарайы

Өткізу форматы: офлайн.

Конференция Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (грант № BR22887106) жобасы аясында өткізіледі .

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 05 ҚАЗАНЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

 


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«Инклюзивті білім беру: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық симпозиум

Құрметті әріптестер! Сіздерді  «Инклюзивті білім беру: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық симпозиумға қатысуға шақырамыз. Симпозиумға ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатыса алады.

25 маусым 2025 жылы

Халықаралық симпозиум «Инклюзивті білім беру: кеше, бүгін, ертең» ГФ АР19679880 жобасын іске асыру аясында өткізіледі: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары (Павлодар өңірінің мысалында)». Симпозиум материалдар жинағында Қазақстан Республикасындағы инклюзивті жалпы, қосымша және кәсіби білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі мен зерттеу нәтижелеріне арналған мақалалар жарияланады. Жинақта әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, инклюзивті топтарда кәсіби білім беруді іске асыру тәжірибесі, шығармашылық жобалардың инклюзивті рөлі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен өзара әрекетке дайындық проблемасы, инклюзивті білім беру технологиялары, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің әдістері мен тәсілдері, басқару стратегиялары мен тактикалары, сондай-ақ инклюзивті білім беруге мұғалімдерді даярлау мәселелері қамтылады.

Өтетін орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, БОК ғимараты.

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ электронды форматта (PDF) ұсынылады, ал конференция қатысушыларына электронды сертификаттар табысталады.

Материалдар заманауи инклюзивті білім беру мәселелерін және оның қоғамға ықпалын зерттеп жүрген ғалымдар мен практиктер үшін пайдалы болуы мүмкін. Біз бұл мәселені осылайша тұжырымдай отырып, инклюзивті кеңістікті дамытуға талпыныс жасаймыз, оны қолжетімді әрі ыңғайлы етуге үміттенеміз.

Материалдарды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 06 маусымға дейін (қоса алғанда) ТІКЕЛЕЙ сайт арқылы. www.sci-conf.tou.edu.kz.

Көрсетілген мерзімнен кейін ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖІБЕРІЛГЕН МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясы

Ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттер және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды

Торайғыров университетінің 65 жылдығына, «Зоотехнология және ветеринария» кафедрасының 15 жылдығына және кафедра меңгерушісі Бурамбаева Надежда Бакаевнаның 60 жас мерей тойына байланысты «ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

27-28 маусым 2025 жыл

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

Аталған конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (грант №BR24992940) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы шеңберінде өткізіледі.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 01 МАУСЫМЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференцияның ғылыми секциялармен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14